Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Байланыс ақпарат
Қызметі
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Әкім аппараты
Все материалы
Мәдениет
16 августа 2024
Қарағандының орталық саябағында демалыс күндері өтетін шаралар

Йога, зумба, концерттер, кино көрсетілімі – Қарағандының орталық саябағы алдағы демалыс күндерге түрлі іс-шаралар әзірледі.

17 тамыз

13:00 – Qaragandy фотоаймағының жанында "Құшақтау күні" акциясы;

13:00 – қайың тоғайында "Ути-пути" аниматорлар шеруі;

17:00 – балалар шығармашылығы фестивалі;

19:00 – "Мосты" тобының музыкалық қойылымы.

18 тамыз

08:00 – йога сабағы;

10:00 – зумба жаттығуы;

19:00 – "На кухне" тобының музыкалық қойылымы;

20:30 – "НВП Ағай" кешкі киносеансы. Орыс субтитрлері бар қазақ тіліндегі фильм.

Аттракциондар 12:00-ден 23.00-ге дейін, балалар теміржолы бейсенбі және жұма күндері 12:00-ден 18:00-ге дейін, ал сенбі және жексенбі күндері 11.00-ден 18.00-ге дейін (әр сағат сайын кету).

Жастар саясаты
16 августа 2024
Теміртау жастары медиа мамандықтарды тегін оқи алады

Теміртау жастар ресурстық орталығы Jas Media жобасы бойынша тұрғындарды тегін оқытуды жалғастыруда. Жас теміртаулықтар нарықта сұранысқа ие кәсіпті нөлден бастап өз портфолиосын құруға дейін игере алады.

Тоғыз бағыт бойынша курстар ашылды: SMM, копирайтинг, журналистика, таргет, мобилография, бейнеоператор, бейнемонтаж, веб-дизайн және графикалық дизайн.

Қатысушылардың жасы 14 пен 35 жас аралығында. Бірден бірнеше бағытты таңдауға болады. Оқытуды дипломы бар және сертификатталған оқытушылар жүргізеді. Теория мен практика да қарастырылған.

Он жеті жастағы Ақгүл Нұрмұратова алғашқылардың бірі болып курстарға жазылған. SMM, таргет, журналистика және мобилографияны оқиды.

– Мен бұл курстарды көптен бері оқығым келді. Тегін оқуға мүмкіндік бар екенін білгенде, мен бірден жазылдым. Мұғалімдер ұнайды, олар бәріне көңіл бөліп, ыңғайын табуға тырысады. Мұнда мен жаңа достар таптым. Болашақта мен өзім де сабақ бергім келеді, – дейді бойжеткен.

Оқу аяқталғаннан кейін барлық қатысушылар сертификаттар алады. Жоба жыл соңына дейін жалғасады.

Курстарға жазылу +7-705-972-09-23, +7-771-919-00-26 телефондары бойынша.

Цифрландыру
16 августа 2024
Кәсіпкерлер мен бағдарламашылар үшін тамыз айындағы неконференцияға тіркелу жүріп жатыр

Қарағанды "Террикон алқабы" ІТ-хабы 30 тамызда ІТ & digital-мамандар үшін кезекті конференция өткізеді. Бағдарламада спикерлердің баяндамасы, нетворкинг, кофе-брейк ұйымдастырылады. Қатысу тегін.

Жинақталған тәжірибемен әртүрлі қызмет салаларының алты маманы бөліседі.

CTOgram SEO Жандос Тұрсынбаев бизнестің өсуі мен дамуы үшін фандрайзингтің маңыздылығын ашады.

GoCart IT-Компаниясының СЕО Темірлан Шаймерден "Өндіріс саласында В2В-өнімді қалай дамыту керек" атты дәрісімен баяндама жасайды.

Корпорациялардан стартаптар әлеміне жол туралы CEO in Prosper Pay Бейбіт Жантөрин айтып береді.

Data Driven тұжырымдамасының мәнін 1Ғit талдаушысы Римма Төлеуғали түсіндіреді.

BI Group жүйелік талдаушысы Шыңғыс Ғаббасов жаңадан келгендерге IT саласына ауыртпалықсыз кіруді үйретеді. Ол сізге бірінші жұмыс орнын қалай табуға болатынын және неге төмен жалақыдан қорқудың қажеті жоқ екенін айтады.

Жаңа бастаған IT-мамандардың микросервистерімен Flip.kz-тегі web-әзірлеуші Никифор Малков таныстырады.

Формаи: офлайн/онлайн.

Басталуы 18:30.

Тіркелу terricon.kz сайтында.

"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.

Неконференция Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.

 

 

 

 

 

Мәдениет
15 августа 2024
Қаздрамтеатрдың симфониялық оркестрі қарағандылықтар мен қала қонақтарын концертке шақырады

Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театрында 24 тамыз күні сағат 17:00-де "Келші, айым" театрының симфониялық оркестрінің концерті өтеді.

Көрермендер алдында халықаралық байқаулардың лауреаты Рысты Рахымжан және Сейфуллин театрының жетекші актері Айдос Нұрмағамбетов өнер көрсетеді.

 – Естайдың дәстүрлі "Құсни-Қорлан", Ақанның "Маңмаңгер" әндері, Қазақстан мен шетелдің танымал эстрадалық әндері, "Титаник" фильмінің саундтректері орындалады. Сондай-ақ, оркестр "Адай", "Балбырауын", "Ақжелең" күйлерін орындайды, – деді театрдың симфониялық оркестрінің дирижері Әбілқайыр Сағымбаев.

Ауыл шаруашылығы
15 августа 2024
Қарқаралы ауданының фермерлері мал азығын дайындау үшін бір жылдық шөп егіп жатыр

Қарқаралы ауданының фермерлері белсенді түрде мал азығына арналған бір жылдық шөп өсіріде. Өткен жылы ауа-райына байланысты олардың көпшілігі қысқы жем-шөпті жинауда қиындықтарға тап болған. Шаруа қожалықтары жергілікті жерлерде қажетті мөлшерде шөп жинай ала алмағандықтан, оны шалғайдағы жерлерден шауып, жеткізу немесе сатып алуға мәжбүр болды.

Мал басын көбейтіп жатқан ауданның көптеген шаруа қожалықтары егістіктерін кеңейтіп, бір жылдық шөптердің тұқымын себуде. Атап айтқанда, Ынталы, М. Мамыраев, Н. Әбдіров және Бесоба ауылдық округтерінде – "Ынта", "Ерлан", "Айбол", "Жалықпас", "Атамекен", "Ердос", "Қамқорлық" ШҚ және басқалары судан шөптерін отырғызды.

– Судан шөбі – тез өсетін және қыс айларында таптырмас жем. Біз былтырғы проблемадан сабақ алдық және кішігірім учаскеге шөп тұқымын септік. Егін жақсы болды. Сабақтары биік. Ауа-райының қолайлы болып тұрғанын пайдаланып, біз оны шауып та үлгердік, – деді "Ерлан" ШҚ басшысы Қанат Мұса.

"Берік" ШҚ мал азығына қарақұмық тұқымын сеуіпті.

Ауданда 884 шаруа қожалығы және 16 ауыл шаруашылығы ЖШС бар. Биыл 348 мың тонна жем өндіру жоспарлануда.

15 августа 2024
Ақтоғай ауданының әкімі сайланды

Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының әкімі болып Абылай Аманжолов сайланды. Ол сайлау барысында басым дауыс жинады.

Абылай Аманжолов – Ақтоғай ауданының тумасы. Екі жоғары білімі бар: "мемлекеттік және жергілікті басқару" мамандығы бойынша Қазтұтынуодағы ҚЭУ және "Фемида" академиясы – "құқықтану".

Еңбек жолын 2005 жылы Ақтоғай ауданы әкімі аппаратының маманы болып бастаған. Әр жылдары Ақтоғай ауданының жастармен жұмыс жөніндегі орталығы мен ішкі саясат бөлімін басқарды.

2017 жылдан жаңа лауазымға кіріскенге дейін Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Шағын және орта бизнес
15 августа 2024
Шахтинск қаласының кәсіпкері 300 отбасының балаларын мектепке дайындауға көмектесті

"Мектепке жол" республикалық акциясын Шахтинск қаласының кәсіпкері қолдады. Іскер әйелдің арқасында 300 әлеуметтік осал отбасының балалары жаңа киім, рюкзактар мен сөмкелер алды.

Шахтинск жастар ресурстық орталығында мәлімдегендей, кәсіпкер әйел қайырымдылыққа 120 қорап зат берген. Олардың барлығы жаңа, жапсырмалары бар. Жергілікті білім бөлімінде берілген тізім бойынша ол заттар көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғызбасты аналарға берілді.

– Біздің қайырымдылық акцияларымызға "Қамқор 2007" ҚБ белсенді қатысуда. Заттарды тапсырған кәсіпкер осы қоғаммен тұрақты негізде ынтымақтасады. Ол оның атын атағанымызды қаламайды. Көптеген заттар бар, соның ішінде юбка, шалбар, мектепке арналған блузкалар, іш киім. Біз оларды 300 отбасының балаларына бердік, ал тағы 300 отбасы ересектерге арналған киім алды. Бұл көптеген адамдардың отбасылық бюджетіне үлкен көмек. Олар үнемделген ақшаны кеңсе тауарларына жұмсай алады. Осындай әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер көбейгенін қалаймын, – дейді Шахтинск қаласының Жастар ресурстық орталығының басшысы Алексей Варзаев.

"Мектепке жол" акциясы жалғасады.

Жастар саясаты
15 августа 2024
"Өзіңнен баста!": Қарағанды жастары пластикалық қақпақтардан облыс картасын жасады

Қаланың орталық саябағында "Өзіңнен баста!” экоакциясы өтті. Жастар пластикалық бөтелке қақпақтарын жинап, оларды спорт дүкенінің сертификаттарына айырбастады. Ал қақпақтар біздің аймақтың картасын жасау үшін пайдаланылды.

Акцияны Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығы, "Жастар рухы" жастар қанаты және еріктілер ұйымдастырды.

"Пластикалық бөтелке қақпақтарын жинау акциясына 30-ға жуық балалар мен жастар қатысты. Олар 500-ден астам пластикалық қақпақтарды жинап, спорт дүкенінен сертификаттар мен термостар алды. Жиналған қақпақтардан біздің облыстың картасы жасалды. Картаны салуға жас суретші және музыкант Жанболат Бабақов көмектесті, суретке еріктілер берген қақпақтар жапсырылды. Енді карта орталық саябақтың жағалауын безендіреді", – деді Қарағанды облысының ЖРО.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, "Өзіңнен баста!" секілді акциялар жасөспірімдер мен қала тұрғындарының экологиялық ойлауын қалыптастыруға, жұртшылықтың назарын табиғатқа ұқыпты қарауға тартуға қызмет етеді.

"Қаламыздың әрбір тұрғыны "Өзгені түзеткің келсе – Өзіңнен баста!" ұранын ұстануы тиіс", – деп сенеді олар. 

Қарағанды облысының жастары "Таза Қазақстан" жалпыұлттық экологиялық бастамасы шеңберінде өтетін барлық экоакцияларға белсенді түрде қатысады.

 

15 августа 2024
Салық төлеу мерзімі туралы еске саламыз!

Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті өңір тұрғындарына мүлік, жер учаскелері мен көлік құралдарына салық төлеу мерзімдері туралы еске салды.

Жеке тұлғалардың салық төлеу тәртібі туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары м. а. Алданыш Адамбеков және жеке тұлғаларды әкімшілендіру және жалпыға бірдей декларациялау бөлімінің басшысы Алтынай Байдалина айтып берді.

Жылжымайтын мүлік пен жер учаскелерінің иелері өткен жылға салықты 2024 жылдың 1 қазанынан кешіктірмей төлеуі керек.

Көлік салығы – есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей төленуі тиіс.

Қазақстанда салық төлеуден босатылған азаматтардың санаттары бар. Ақпаратты облыстық мемлекеттік кірістер департаментінен нақтылауға болады.

Сондай-ақ салық сомасын білудің және оны бір уақытта төлеудің бірнеше жолы бар. Бұл ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің ресми сайты: kgd.gov.kz, e-salyq azamat мобильді қосымшасы, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында. Қолма-қол ақшамен "Қазпошта" бөлімшелерінде, екінші деңгейдегі банктерде және төлем терминалдарында төлеуге болады.

– Салықтарды белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда, мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін негізге ала отырып өсімпұл есептеледі. Хабарлама орындалмаған жағдайда берешек туралы ақпарат өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына беріледі, – деп атап өтті Алданыш Адамбеков.

 

 

Ауыл шаруашылығы
14 августа 2024
Мемлекет басшысы Шахтер ауылының еңбеккерлерімен жүздесті

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұра ауданы Шахтер ауылының еңбеккерлерімен әңгімелесті.

«Шахтерское» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Георгий Прокоп ауыл шаруашылығы кәсіпорынында 245 жергілікті тұрғын жұмыс істейтінін айтты. Шаруашылық негізінен дәнді және майлы дақылдар, сондай-ақ картоп егумен айналысады. 

Директордың айтуынша, агробірлестіктің техникалық паркінде John Deere, Buhler, CLASS, Lovol, Valtra, РСМ, Acros маркалы заманауи шынжыр табанды және доңғалақты тракторлар, астық жинайтын комбайндар бар. Бүгінде шаруалар егін жинау науқанына сақадай сай.

Президентке жергілікті тұрғындар ауылда жұмыс істеуге және өмір сүруге қолайлы жағдай жасалғанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ауылды дамытуға және шаруаларды қолдауға айрықша мән беретінін атап өтті.

akorda.kz

 

 

Социальные сети
Сарыарқа
saryarqaaqparat
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы