
Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев Абай ауданының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Өңір басшысы тұрғындармен кездесіп, жеке қабылдау өткізеді.
Халықпен кездесу 2026 жылғы 20 тамыз күні сағат 16:00-де Абай қаласының Мәдениет үйінде өтеді.
Халықтан сұрақтар мен ұсыныстар жинау үшін жұмыс тобы құрылды. Өтініштеріңізді жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі үзіліс 13:00-ден 14:30-ға дейін).
(8-72131) 4-48-00 (ішкі номер 110) телефоны арқылы және abai@akimat09.kz электрондық поштасы арқылы қалдыруға болады.