Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2025 жылғы 30 наурызда Қарағанды облысының Приозерск қаласының № 11, Бұқар жырау ауданының № 8, № 9, Қарқаралы ауданының № 11 сайлау округтарында мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 12 кандидаттың барлығын тіркеді.

Осылайша, қазіргі кезеңде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 кандидатты құрайды.

Тіркелген 12 кандидаттың 6- саяси партиялар, 6 өзін-өзі ұсынған. Оның 7-і ер адам, 5-і әйел адам. Кандидаттар арасында 2 ұлт өкілдері бар.

9 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 3 – партия қатарында жоқ.

Орташа жас – 36.

9 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.

Кандидаттардың 9 – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 3 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 29 наурыз 00.00 сағатқа дейін созылады.

Сілтемелер:

  1. Приозерск қаласы.
  2. Бұқар жырау ауданы:
    - №8 сайлау округі;
    - №9 сайлау округі.
  3. Қарқаралы ауданы.
Дата публикации
05 марта 2025