Қарағанды облысы бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Қарағанды облысында 2025 жылғы 30 наурызда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өтетін сайлауға Приозерск қаласының № 11, Бұқар жырау ауданының № 8, № 9, Қарқаралы ауданының № 11 округтері бойынша кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында 12 – кандидат ұсынылды. Оның 6 – саяси партиялар, 6 – өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттардың ішінде: 7 – ер адам; 5 – әйел адам.

9 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 3 – партия қатарында жоқ.

Орташа жасы – 36 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 2 ұлттың өкілдері бар.

9 кандидаттың жоғары білімі, 2 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.

Кандидаттардың 9 -мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 3 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2025 жылғы 28 ақпандағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 6 кандидатты тіркеді.

Тіркеудің аяқталу мерзімі – а.ж. 5 наурызында сағат 18.00 дейін.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 29 наурыз күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

 

Сілтемелер:

1. Приозерск қаласы 

2. Бұқар жырау ауданы:
- №8 сайлау округі 
- №9 сайлау
округі 

3. Қарқаралы ауданы 

Дата публикации
28 февраля 2025