Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

2024 жылғы 8 желтоқсан Қарағанды облыстың Балқаш қаласының № 8, Теміртау қаласының № 8, № 12, Ақтоғай ауданының № 1, № 3, № 7, Қарқаралы ауданының № 1, Осакаров ауданының № 6, Шет ауданының № 2, № 10 сайлау округтарында болатын мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау жөніндегі сайлау науқанының шеңберінде кандидаттарды тіркеу процесі аяқталды.

Округтік сайлау комиссиялары мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына ұсынылған 34 кандидаттан барлығы тіркелді.

Осылайша, қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарын орнына сайлауда орташа бәсекелестік бір бос депутаттық мандатқа 3 астам кандидатты құрайды.

Тіркелген 34 кандидаттың 13 саяси партиялар, 21 өзін-өзі ұсынған. Оның 28 ер адам, 6 әйел адам. Кандидаттар арасында 6 этнос өкілдері бар.

18 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшелері болып табылады, 16 – партия қатарында жоқ.

Орташа жас – 38 жас.

28 кандидаттың жоғары білімі, 5 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.

Кандидаттардың 16 – мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 14 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 3 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 1 – уақытша жұмыс істемейтіндер.

Қазіргі уақытта кандидаттардың үгіт науқаны басталды, ол 7 желтоқсан 00.00 сағатқа дейін созылады.

 

Сілтемелер:

1. Балқаш қаласы 

2. Теміртау қаласы:

- № 8 сайлау округі

- № 12 сайлау округі

3. Ақтоғай ауданы 

4. Қарқаралы ауданы 

5. Осакаров ауданы 

6. Шет ауданы:

- № 2 сайлау округі

- № 10 сайлау округі

Дата публикации
13 ноября 2024