Қарағанды облысында 2024 жылғы 8 желтоқсанда мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына өтетін сайлауға Балқаш қаласының № 8, Теміртау қаласының № 8, № 12, Ақтоғай ауданының № 1, № 3, № 7, Қарқаралы ауданының № 1, Осакаров ауданының № 6, Шет ауданының № 2, № 10 сайлау округтері бойынша кандидаттарды ұсыну аяқталды.
Сайлау науқанының барысында 34 – кандидат ұсынылды. Оның 12-і саяси партиялар, – 21-і өзін-өзі ұсынды.
Ұсынылған кандидаттар ішінде 28 – ер адам және 6 – әйел адам.
18 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 16 – партия қатарында жоқ.
Орташа жас – 38 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 6 этнос өкілдері бар.
28 кандидаттың жоғары білімі, 5 – орта кәсіптік білімі және 1 – орта білімі бар.
Кандидаттардың 16 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда; 14 – коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды; 3 – саяси партиялар мен ҮЕҰ қызметкерлері, 1 – уақытша жұмыс істемейтіндер.
Қазіргі уақытта мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына кандидаттарды тіркеу жалғасуда, 2024 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша округтік сайлау комиссиялары 17 кандидатты тіркеді.
Тіркеудің аяқталу мерзімі – а.ж. 13 қараша сағат 18.00.
Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 7 желтоқсан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.
Сілтемелер:
2. Теміртау қаласы:
6. Шет ауданы: