2023 жылғы 5 қарашада өткен Қарағанды облысы Приозерск қаласы, Ақтоғай және Осакаров аудандары әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 5 қарашада өткен Қарағанды облысы Приозерск қаласы, Ақтоғай және Осакаров аудандары әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2023 жылғы 5 қарашада Қарағанды облысы аудандары әкімдерінің сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 38126 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 25781 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша – 1, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 519 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны – 9.

 

Приозерск қаласы, Ақтоғай және Осакаров аудандары әкімдерінің сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

Приозерск қаласы бойынша

Ахметов Мансур Талгатович үшін сайлаушылардың 2664 дауысы берілді,

Койшин Руслан Канатович үшін сайлаушылардың 340 дауысы берілді.

Попченко Светлана Борисовна үшін сайлаушылардың 477 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 19.

Ақтоғай ауданы бойынша

Жанабергенов Нурланбек Комирбайұлы үшін сайлаушылардың 695 дауысы берілді,

Кенжебеков Руслан Айтыкенович үшін сайлаушылардың 5656 дауысы берілді,

Сеитов Нуржан Саулебайұлы үшін сайлаушылардың 1251 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны 103.

Осакаров ауданы бойынша

Доненбаев Ермек Камилович үшін сайлаушылардың 1276 дауысы берілді,

Нурмуханбетов Руслан Есенбекович үшін сайлаушылардың 11595 дауысы берілді.

Шалабаева Насып Тукеновна үшін сайлаушылардың 1391 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 103.

 

Сайлау қорытындыларымен Приозерск қаласы, Ақтоғай және Осакаров аудандарының әкімдері болып:

Приозерск қаласы бойынша – Ахметов Мансур Талгатович сайланды, 1987 жылы туған, Приозерск қаласы әкімі орынбасарының м.а., тұрғылықты жері – Приозерск қаласы;

Ақтоғай ауданы бойынша – Кенжебеков Руслан Айтыкенович сайланды, 1978 жылы туған, Ақтоғай ауданының әкімі, тұрғылықты жері – Ақтоғай ауданы;

Осакаров ауданы бойынша – Нурмуханбетов Руслан Есенбекович сайланды, 1981 жылы туған, Осакаров ауданының әкімі, тұрғылықты жері – Осакаров ауданы.

 

Қарағанды облыстық
сайлау комиссиясы

Дата публикации
06 ноября 2023