2023 жылғы 29 қазанда өткен Приозерск қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

2023 жылғы 29 қазанда өткен Приозерск қалалық мәслихаттың шығып қалған депутаттың орнына сайлау қорытындылары туралы
хабарлама

 

2023 жылғы 29 қазанда бірмандаттық аумақтық №5, №11 сайлау округтері бойынша шығып қалғандардың орнына Приозерск қалалық мәслихат депутаттарын сайлауы өтті.

Сайлаушылар тізіміне 1263 азамат енгізілді. Дауыс беруге 702 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 5 қатысты.

Бюллетеньдерге енгізілген кандидаттардың жалпы саны – 6 адам.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғандардың орнына Приозерск қалалық мәслихат депутатын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

№5 сайлау округі бойынша

Айтбаев Қ.Қ. үшін сайлаушылардың 219 дауысы берілді,

Жұмаханов Б.М. үшін сайлаушылардың 77 дауысы берілді,

Сүлейменов М.А. үшін сайлаушылардың 82 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 7.

№11 сайлау округі бойынша

Аринов А.Т. үшін сайлаушылардың 72 дауысы берілді,

Аркатов А.К. үшін сайлаушылардың 64 дауысы берілді,

Әліхан Ә.Б. үшін сайлаушылардың 171 дауысы берілді,

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 6.

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша шығып қалғандардың орнына Приозерск қалалық мәслихаттың депутаттары болып сайланды:

№5 сайлау округі бойынша – Айтбаев Қайнар Қайсарұлы, 1990 жылы туған, «Приозерские пассажирские перевозки» ЖШС директоры, Приозерск қаласы;

№11 сайлау округі бойынша – Әліхан Әзімхан Бақытханұлы, 1999 жылы туған, «Приозерск қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ директоры м.а., Приозерск қаласы.

 

Приозерск аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
30 октября 2023