2023 жылғы 19 наурызда өткен Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарының сайлау қорытындылары туралы хабар

2023 жылғы 19 наурызда Қарағанды облыстық мәслихатының партиялық тізімдер бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті.

Сайлаушылардың тізімдеріне 761 673 азамат енгізілгі. Дауыс беруге 452 538 сайлаушы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 417 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 6 115 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 6 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс саны:

«Amanat» партиясы – 231 843 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 51,67 проценті;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 57998 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 12,92 проценті;

«Respublica» партиясы – 27 292 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,08 проценті;

Қазақстан Халық партиясы – 46790 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,43 проценті;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 27590 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 6,15 проценті;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 48323 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының 10,77 проценті;

«Бәріне қарсымын» белгісі бар сайлау бюллетеньдер саны – 8905.

 

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауыстарының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың былайша бөлінгені белгіленсін:

«Amanat» партиясы – 10;

«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2;

«Respublica» партиясы – 1;

Қазақстан Халық партиясы – 2;

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 1;

«Ақ Жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы – 2;

Қарағанды облыстық сайлау комиссиясы

Дата публикации
24 марта 2023