Ауыл әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы

Облыста 303 кандидат ұсынылды: олардың 87 – сі (28,7%) - Саяси партиялардан, 216-сы (71,3%) - өзін-өзі ұсыну арқылы.

Ағымдағы жылғы 14 шілде сағат 18.00 - дегі жағдай бойынша 268 кандидат тіркелді, оның ішінде 81-і саяси партиялардан, 187-сі өзін-өзі ұсыну арқылы.

25 үміткер мемлекеттік қызметтің біліктілік талаптарына сәйкес келмеу себебінен тіркеуден бас тартылды, жеке өтініштері бойынша 9 үміткер бас тартты.

Орташа бәсекелестік - 3,6 кандидатты құрайды.

Барлық тіркелген кандидаттар куәлік алып, сайлау бюллетеніне енгізілді.

Тіркелген ерлер - 226 немесе 84%, әйелдер - 42 немесе 16%.

Барлығының жоғары білімі бар.

Үміткерлердің ішінде: заңгерлер - 75 , экономистер - 53, оқытушылар - 52, ауыл шаруашылығы мамандықтары барлар - 12 , басқалары - 76.

Кәсіптер бойынша: мемлекеттік қызметкерлер - 176, бюджет саласынан - 45

7 ұлт өкілдері.

Орташа жасы 40,3 жыл

2 сайлау округінде 6 кандидаттан, 9 округте 5 кандидаттан, 19 округте 4 кандидаттан, 45 округте 3 кандидаттан.

Сайлау комиссияларына ұсыну және тіркеу кезеңінде өтініштер түскен жоқ.

Дата публикации
15 июля 2021