Ақпарат

Ақпарат

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2021 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алу қажеттілігінсіз ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде жер пайдалану құқығын иеліктен шығару құқығы көзделген.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 4-14) тармақшасына сәйкес, орталық уәкілетті органның құзыретіне жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу қағидаларын әзірлеу және бекіту жатады.

         Осыған байланысты «Жер пайдалану құқығын иеліктен шығару кезінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шартын қайта ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 11 сәуірдегі №27508 Бұйрығы мемлекеттік тіркеуден өткенін хабарлаймыз.

         Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 33-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес жер пайдаланушы ауысқан кезде жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) шарты талаптарының өзгерістері тіркелген кезден бастап туындайтынын атап өткен жөн.

         Тиісінше, жаңа жер пайдаланушыға қайта ресімделген шарт ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығының құқық белгілейтін құжаты болып табылады және ол тіркелуге жатады.