По всей республике запущен мониторинг земель сельскохозяйственного назначения с использованием информационных технологии.

По всей республике запущен мониторинг земель сельскохозяйственного назначения с использованием информационных технологии.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бүкіл республика бойынша ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мониторингі іске қосылды. Қазіргі уақытта Қарағанды облысы бойынша негізінен «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ауыл шаруашылығы жерлерінің мониторингі бойынша веб-порталдар пайдаланылады.

«Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ веб-порталында (qoldau.kz) 2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша барлығы 3746 жер учаскесі мониторингке қойылды, ауданы 7 млн.668,2 мың га, пайдаланылмайтын 5 млн. 010,7 мың га және ұтымсыз пайдаланылатын 2 млн. 657,5 мың га жайылымдық алқаптар ретінде.

Мониторингке қойылған барлық 7 млн. 668,2 мың га жердің бүгінгі күні 7 млн.665,7 мың га (100%) алаңға 3730 жер учаскесі бойынша хабарлама жіберілді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ веб-порталының qoldau.kz веб-порталмен пайдаланылмайтын жерлер бойынша кейбір қайталанулар бар. Осыған байланысты тізімдер бойынша салыстырулар жүргізілді және қосымша 933,4 мың га пайдаланылмайтын жер анықталды. 2021 жылғы 10 желтоқсанда жоғарыда көрсетілген деректер бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді алып қою бойынша Жол картасы бекітілді. Жол картасына сәйкес облыс бойынша 933,4 мың га пайдаланылмайтын жайылымдық жерлер алынады.