"ARQA life" телебағдарламасы

"ARQA life" телебағдарламасы

Мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қоғамға есеп беруін арттыру шеңберінде 2022 жылғы 2 наурызда жер қатынастары басқармасының басшысы Бұлқайыр Дарын Бейбітұлы SARYARQA телеарнасының "ARQA life" телебағдарламасына қатысты, онда жер қатынастары мәселелері, атап айтқанда, пайдаланылмайтын жерлердің мәселелері, елді мекендерде жайылымдық алқаптардың жетіспеушілігі, конкурстар мен аукциондарға қатысу рәсімдері және біздің облыс халқын қызықтыратын басқа да мәселелер қамтылды.