Конкурс

Конкурс

ҚР Жер кодексіне және шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурсты ұйымдастыру және өткізу ережелеріне сәйкес, Жезқазған қаласы әкімінің аппараты сізге шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру бойынша конкурс жариялағаны туралы хабарлайды.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2021 жылдың сәуір айының 20 жұлдызынан бастап 2021 жылдың мамыр айының 13 жұлдызы күні сағат 18.00-ге дейін қолма-қол немесе пошта арқылы қабылданады.

Қосымша ақпаратты Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Алаш алаңы, 1 (6 қабат, 608 бөлме) мекен жайы бойынша орналасқан, «Жезқазған қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ -нен алуға болады. Байланыс телефондары: 8(7102)733537, 733012.

Жер телімдерінің тізімі Жезқазған қаласы әкімінің аппаратының ақпараттық порталында жарияланған (https://jezkazgan.gov.kz.).