16 мамыр күні Қарағанды облысының барлық аймақтарында бір уақытта өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесі сәтті аяқталды. Іс-шара Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылды және оған 300-ден астам жұмыс беруші мен 1500-ден астам жұмыс іздеуші қатысты.
🔸 Негізгі мақсаты — жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы тікелей байланысты қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру және азаматтардың тұрақты жұмыспен қамтылуына жағдай жасау болды.
💼 Іс-шараның ерекшеліктері:
•300-ден астам жұмыс беруші түрлі салалардағы бос жұмыс орындарын ұсынды;
•1500-ден астам жас және маман жұмыс іздеп, өздеріне қажетті ақпарат алды;
•Жастар үшін: түйіндеме жазу, сұхбатқа дайындалу, мансаптық өсу бағытында кәсіби кеңестер берілді;
•NEET санатындағы жастарға (оқымайтын, жұмыс істемейтін және оқуға қатыспайтын) ерекше көңіл бөлінді.
🔹 Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жұмыс іздеушілерге жаңа мүмкіндіктер ашып, мамандық таңдауына ықпал етті. Көптеген азаматтар жұмысқа орналасуға нақты қадамдар жасады.