
Теміртауда жастармен кездесу: болашаққа бағдар және жаңа мүмкіндіктер
Мамыр айында Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Айсұлу Әлімжанқызы Ерниязова Теміртау қаласының жастарымен арнайы кездесу өткізді. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ Қазақстан: заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру және жастармен еркін пікір алмасу болды.
Жиын барысында жастардың ел дамуына қосар үлесі, олардың құқықтары мен мүмкіндіктері, сондай-ақ кәсіпкерлік және әлеуметтік жобаларды дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Әсіресе, жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және әлеуметтік қолдауды күшейту сынды бастамаларға ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, бейресми форматта белсенді жастармен еркін әңгіме өтіп, олардың ұсыныстары мен идеялары тыңдалды.
Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы жастардың жеке дамуына, көшбасшылық қабілеттерін арттыруға және олардың бастамаларын қолдауға үлкен мән береді. Осындай кездесулер – жастардың өз әлеуетін толықтай ашуға мүмкіндік беретін маңызды алаң.