Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 5-тармағына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 2024 жылғы 23 сәуірден 22 мамырға дейінгі кезеңде «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ және «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» КММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілуі жоспарланған.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың негізгі бағыты мемлекеттік орган мен квазимемлекеттік сектор ұйымдарының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою болып табылады.

Мемлекеттік мекеменің немесе коммуналдық мемлекеттік мекеменің қызметіне сұрақтар мен ұсыныстар туындаған жағдайда 8(7212) 78-03-85 телефоны бойынша немесе a.kutvarov@karaganda-region.gov.kz электрондық мекенжайға хабарласуды ұсынамыз.