«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатарына тіркелу басталды.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының қатарына тіркелу басталды.

Еңбек маусымына 2024 ж. 1 маусым жағдайы бойынша 14 жастан 34 жасқа дейінгі (қоса алғанда) жастар қатыса алады.

Тіркелу 2024 жылдың 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында жүргізіледі. Еңбек маусымына қатысу үшін қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтарына барып, тиісті құжаттар пакетін тіркеу қажет.

  • қатысушының еңбек маусымына қатысуға өтінімі (тапсыру кезінде қолдан толтырылды);
  • өтініш берушінің жеке куәлігінің немесе (өтініш беруші 16 жасқа толмаған болса) туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  • ата-аналардың немесе заңды қамқоршылардың жастардың еңбек жасақтарына жұмысқа орналасуға жазбаша рұқсаты (өтініш беруші 18 жасқа толмаған болса);
  • қатысушының жеке банктік шотының болуы туралы анықтаманың көшірмесі;
  • халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын мәртебесін растайтын құжат (бар болса).