Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттар беру бойынша Қарағанды облысы әкімінің өтінімдерін қабылдау басталды

Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттар беру бойынша Қарағанды облысы әкімінің өтінімдерін қабылдау басталды

2022 жылғы 07 қазанда Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттар беру бойынша Қарағанды облысы әкімінің өтінімдерін қабылдау басталды.

Байқаудың мақсаты-Қарағанды облысында жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту.

Қарағанды облысының аумағында бизнес-жобаларды іске асыруды жоспарлайтын конкурс жеңімпаздарына бизнес-жобалардың бюджетіне байланысты 2 000 000 (екі миллион) теңгеге дейінгі мөлшерде гранттар беріледі.

Бөлінген гранттардың жалпы сомасы 100 000 000 (бір жүз миллион) теңге.

Қатысуға 18 жастан 28 жасқа дейін жұмыс істейтін және ісін жаңадан бастаған жас кәсіпкерлер шақырылады.

Қатысушы болу үшін  қолма-қол фронт-кеңсеге өтінім беру қажет. Өтінімдер 2022 жылғы 07 қараша сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Құжаттарды қабылдау мерзімі өткеннен кейін ұсынылған конкурстық өтінімдер қабылданбайды.

Барлық қажетті ақпаратты https://t.me/akimgranty09 сілтеме арқылы телеграмм-каналдан көре аласыздар

Фронт-офистің мекен-жайы: Әлиханов көш.,4, 135 кеңсе.

Конкурс туралы толық ақпаратты мына нөмірлер арқылы біле аласыздар:

8 (701) – 122 – 24 – 63 (WhatsApp,  Telegram)

8 (708) – 605 – 62 – 52 (WhatsApp,  Telegram)