Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі актив өтті

Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі актив өтті

2022 жылдың 09-11 қыркүйегінде Қарқаралы ауданында «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау» жобасы аясында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі актив өтті.

Жобаның мақсаты: әлеуметтік өзара әрекеттесу дағдыларын игеру арқылы жастардың қазіргі қоғам жағдайында өзін-өзі жүзеге асыруға жеке дайындығын қалыптастыру.

Студенттік өзін-өзі басқару - жан-жақты дамыған, шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға, белсенді өмірлік ұстанымға, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті заманауи мамандарды даярлауға бағытталған ЖОО тәрбие жұмысының бір түрі. Іс-шараға студенттік өзін-өзі басқару органдарының өкілдері, орта мектеп оқушылары, ЖОО және колледж студенттері қатысты.

Іс-шара шеңберінде Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарының оқитын жастары үшін тренингтер, актив қатысушылары үшін оқыту тренингтері, экскурсиялар өткізілді.

Тренингтер барысында: белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы және көшбасшылық қасиеттер мен дағдыларды дамытудағы оқушылар мен жастардың өзін-өзі басқару органдарының рөлі туралы; облыстың ЖОО-да студенттік өзін-өзі басқару органдарының жүргізіп жатқан жұмыстары туралы; волонтерлік қызмет туралы; ЖОО-ның, оның ішінде жатақхананың, жүргізіліп жатқан тәрбие жұмысына қатысу туралы; студент жастардың мәселелерін анықтау және оларды шешуге қатысу туралы; талантты жастарды қолдау және т.б. мәселелер көтерілді.

Іс-шараны өткізу маңызды мәселелерді шешуге және студенттік бастамаларды іске асыруға, студенттердің әлеуметтік белсенділігін дамытуға бағытталған студенттердің қоғамдық қызметін қолдауға ықпал етеді.

Іс-шара барысында студент жастар бір-бірімен достасып, пікір алмасты. Ұйымдастырушыларға алғыстарын айтып, аталған шараны жыл сайын өткізу тиімді болатынын жеткізді.