Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті

Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті

2022 жылдың 25 тамызында Қарағанды облысының әкімі Ж.М. Қасымбектің төрағалығымен жастар ісі жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңестің басты мақсаты - мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тетіктерін жетілдіру, жастар саласындағы өзекті проблемалық мәселелерді шешу.

Отырысқа жастар ісі жөніндегі облыстық Кеңестің мүшелері, қалалар мен аудандардың әкімдері, ҮЕҰ және БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Қарағанды облысының экономика басқармасының басшысы Т.Ю.Аблаева – «Ауыл жастарын әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік шаралары туралы: «Дипломмен ауылға» бағдарламасының жүзеге асырылуы»; Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Б.Н. Әлімжанов – «Аудандық Жастар ресурстық орталықтарының жұмысы» туралы баяндады.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері ауыл жастарының өзекті мәслелелерін қозғап, оларды шешу жолдарын ұсынды.

Сондай-ақ, Кеңес аясында он жас маманға аймақтық ипотекалық бағдарлама аясында сертификаттар табысталды.

Бірінші жылы бағдарлама пилоттық режимде облыс орталығының аумағындағы жастарды қамтиды. Осы мақсатта облыстық бюджеттен 1 млрд.теңге және «Отбасы банк» АҚ желісі бойынша қосымша 500 млн. теңге бөлінді.

Биыл 7 әлеуметтік маңызы бар санат бөлінді және аталған мамандықтар бойынша 75 ипотекалық қарыз иегері анықталды (денсаулық сақтау - 20, білім беру - 19, мәдениет - 7, спорт - 6, әлеуметтік сала - 7, БАҚ - 6, ЖОО – 10 өтінім).

Жастар ісі жөніндегі кеңесте көтерілетін сұрақтар жастардың өзекті мәселелерін жүйелі түрде шешуге ықпал етеді.