Әскер қатарына қабылданушыларды салтанатты шығарып салу шарасы өтті

Әскер қатарына қабылданушыларды салтанатты шығарып салу шарасы өтті
6 мамыр күні Қарағанды облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскежинау пунктінің алаңында облыс әкімінің қатысуымен әскер қатарына қабылданушыларды салтанатты шығарып салу шарасы өтті. Жеңіс Махмұдұлы жас сарбаздарға ақ жол тілеп, әрбір жас азаматтың Қазақстан армиясы қатарында әскери борышын өтей жүріп, үлкен өмірлік тәжірибе жинап, рухының мықты болатынын айқындап өтті.
Әскер қатарына қабылданушыларды шығарып салу халқымызда бабаларымыздан келе жатқан өмірдің жаңа бір маңызды кезеңіне қадам басқан азаматты ел болып шығарып салу дәстүрінің берік қалыптасқанын көрсетеді. Бүгінгі таңда, жас сарбаздарға осындай жауапты кезең туған шақта, баршасына абыройлы қызмет, ал Қазақстан халқына ашық, бейбіт аспан тілейміз!