«Qaiyrymdy ūrpaq» қайырымдылық акциясы бастауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Qaiyrymdy ūrpaq»  қайырымдылық  акциясы бастауының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

«Qaiyrymdy ūrpaq» 

қайырымдылық акциясы бастауының

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

Өтетін күні: 1 наурыз 2021 жыл, сағ. 20.30

Өтетін орыны: әлеуметтік желілердегі

@ Jas Pro аккаунттарында

тікелей эфир

 

Сапалы білім алу адамдардың өмір сүру жағдайын жақсартудың және елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудің негізі болып табылады. Білім беру қызметтеріне қол жеткізу халық арасындағы теңсіздікті қысқартуға ықпал етеді және жас ұрпақтың табысты әлеуметтенуінде маңызды рөл атқарады.

Курстар мен даму үйірмелеріне, спорт секцияларына қатысу мәселесі әрбір отбасылық бюджет үшін қосымша қаржылық жүктеме болып табылады. Атап айтқанда, бұл проблема халықтың әлеуметтік осал топтары үшін өзекті.

Бұл міндеттің шешімдерінің бірі халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды білім беру қызметтерін алуда қаржылық қолдауға бағытталған қоғамдағы қайырымдылық, меценаттық идеяларын кеңінен насихаттау болуы мүмкін.

Бұл аспектіде тәуелсіздік жылдары бизнес, қоғамдық және саяси қызмет саласында жетістіктерге жеткен және жас ұрпаққа тең жағдайлар жасауға үлес қосуға ұмтылған жас қазақстандықтардың әлеуетін пайдалану маңызды.

Осыған байланысты, жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармамен «Qaiyrymdy ūrpaq» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Акция «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы шеңберінде өткізіледі.

Акцияның басты мақсаты - халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларға сапалы білім беру қызметтері мен жеке тұлғаны дамыту дағдыларын алу мүмкіндігін кеңейту.

Акцияның негізгі мақсатты аудиториясы аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар болып табылады.

  Акцияға қатысушылар ретінде жас кәсіпкерлер мен депутаттар, мемлекеттік және жеке ұйымдардың басшылары, қосымша білім беру ұйымдарының және спорт кешендерінің (секцияларының) меншік иелері мен құрылтайшылары шақырылады.

Қатысушы акция аясында мақсатты аудиториядағы балаларға қайырымдылық көмектің келесі түрлерін көрсете алады:

  • даму курстарына, қосымша білім беру үйірмелеріне немесе спорт секцияларына баруға тегін абонемент (дисконт) беру (абонемент мерзімін, жолдаманы құрылтайшылар немесе меншік иелері дербес айқындайды);
  • спорттық киім немесе инвентарь, онлайн білім беру ресурстарына жазылымдар, арнайы әдебиеттер және балалардың білім алуы мен дамуына жағдай жасауға бағытталған басқа да қолдау шаралары.

Қайырымдылық көмектің адресаттары - аз қамтылған, толық емес және көп балалы отбасылардан шыққан балалар, мүгедек балалар қатысушылар тарапынан дербес анықталады. Адресаттарды айқындауға жәрдемдесу қажет болған кезде қатысушылар қалалар мен аудандардың білім бөлімдеріне (мектептердің), сондай-ақ волонтерлік ұйымдарға жүгінеді.

Акцияны әлеуметтік желілерде хэш-тегтермен үндеулер форматында бейнероликтер (тақырыптық посттар) жариялау арқылы қайырымдылық эстафетасы түрінде өткізіледі: #qaiyrymdyūrpaq, #благодарноепоколение, #үздіксалымдар, #лучшиеинвестиции

Акция 2021 жылдың наурыз-мамыр аралығында жүзеге асырылады.

Акцияның серіктестері:

- Қарағанды облысының білім басқармасы;

- қалалар мен аудандардың білім бөлімдері, мектептер;

- волонтерлік ұйымдар.