Облыстағы жастар жұмыссыздығының және NEET жастары үлесінің жағдайы

Облыстағы жастар жұмыссыздығының және  NEET жастары үлесінің жағдайы

Облыста 2020-2021 жылдарға арналған жастар арасындағы теріс әрекеттердің алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары іске асырылуда; жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті қолдау, ақпараттық-түсіндіру жұмысы бағыттары бойынша шаралар қабылдануда.

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 16003 жас жұмысқа орналастырылды. Қоғамдық жұмыстарға – 3 768 адам, жастар тәжірибесіне - 1436 мың адам жіберілді, бос жұмыс орындарына - 10513 мың адам жұмысқа орналастырылды; қысқа мерзімді курстарға – 432 адам жіберілді.

Сондай-ақ жастар арасында жұмыспен қамту және жұмыссыздықты азайту мәселесін шешу «Дипломмен - ауылға!» (626 адам), «Жастар тәжірибесі» (1436 адам), «Жасыл ел» (1413 адам) жобалары арқылы жүзеге асырылуда.

Жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамыту бойынша жұмыстар ұйымдастырылды. 2020 жылы облыс әкімінің гранттарын қаржыландыру сомасы 10 есеге артты. 100 млн. теңгенің 100 гранты бөлінді (2019 ж. - 10 грант, 10 млн. теңге). Әрбір грант алушы жұмыспен қамту органдарында тіркелген 2 жұмыссызды жұмысқа орналастырды.

«ZhasProject» жобасы аясында 155 бизнес-жоба (527 қатысушы) жалпы сомасы 155 млн.теңгенің гранттарын жеңіп алды.

 «Еңбек» бағдарламасының «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 251 шағын несие және 484 мемлекеттік грант берілді.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту ұйымдастырылды. Оқытылғандардың жалпы санының 35% -ы (немесе 838 адам) - жастар.

Облыста жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалануды түсіндіру бойынша 19-ға жуық ақпараттық топтың жұмысы ұйымдастырылды. Олармен 24 мыңға жуық адам қамтылды. 335 кездесу өткізілді (соның ішінде онлайн).

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде NEET жастарының үлесі - 10,0% құрады (2020 ж. 4 тоқсаны). Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға төмен (2019 ж. 4 тоқсаны - 12,4%).

Сондай-ақ, 2020 жылдың 4 тоқсанының қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 0,9%-ға төмендеп, 3,8%-ды құрады (2019 жылдың 4 тоқсаны-4,7%).