Қарағанды облысында жастар және отбасы саясатының өзекті мәселелері бойынша семинар өткізілді

Қарағанды облысында жастар және отбасы саясатының өзекті мәселелері бойынша семинар өткізілді

12 ақпанда ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Стратегиялық сессиялары Қарағанды облысында жалғасын тапты, оның аясында Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы
Шахмардан Байманов онлайн-форматында «Жастар және отбасы саясаты саласындағы өзекті мәселелер» тақырыбында семинар өткізді.

Іс-шараға 80-нен аса жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері, өңірлік жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

2020 жылғы жастар мен отбасы саласындағы жұмыстың негізгі нәтижелері және 2021 жылға арналған өзекті міндеттер айтылды.

Кездесу барысында Жастарды қолдаудың 2025 жылға дейінгі Кешенді жоспарының негізгі бағыттары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланды.

Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы талқыланды, айта кету керек, ұлттық жоба аясында қазақстандық жастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған реформалар әзірленетін болады.

Мемлекет Басшысының жастар және отбасы саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша қойған міндеттеріне сәйкес «Тәуелсіздік ұрпақтары» ұлттық жобасы шеңберінде ұсынылатын реформалар аясында жастар және отбасы саясатындағы заңнаманы жетілдіру, жастарға қолжетімді тұрғын үй беру, жұмысқа орналастыру, сондай-ақ «жастарды дамыту индексін» әзірлеу және енгізу мәселелерін жетілдіру ұсынылады.

Сонымен қатар, Ұлттық жоба аясында жастар үшін қолжетімді баспана, жұмыспен қамту және дарынды жастарды қолдау үшін «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау мәселелері пысықталуда.

Ұсынылатын реформалардың ішінде NEET санатындағы жастар санын азайтуға бағытталған шаралар жоспарланған.

Айта кету керек, осы мақсатқа қол жеткізу үшін жастар саясатын институционалдық дамыту, яғни «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының базасында NEET санатындағы жастармен атаулы жұмыс бойынша Республикалық Жобалық кеңсе құру, оның шеңберінде NEET жастарымен жұмыс істеу бойынша халықаралық және қазақстандық тәжірибені зерделеу және талдамалық және әдістемелік материалдар дайындау, NEET жастарының әрбір кіші тобымен жұмыс істеу алгоритмдерін әзірлеу және енгізу және өңірлерде NEET санатындағы жастардың деректер базасын құру жоспарлануда.

Бұдан өзге Ұлттық жоба негізінде саналы ата-ана болуды қалыптастыру және отбасыларды әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін іске асыру жоспарлануда.

Бұдан басқа, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Сакошев Аян заң жобасы аясында «Жастарды дамыту индексі» ұғымын мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бөлігінде білім беру, денсаулық және әл-ауқат, жұмыспен қамту және мүмкіндіктер, саяси қатысу, азаматтық қатысу, бос уақыт және инфрақұрылымға қолжетімділік, қауіпсіздік салалары бойынша негізгі индикаторларды қамтитын жергілікті атқарушы органдар қызметі тиімділігінің кешенді көрсеткіші ретінде толықтыру ұсынылатыны атап өтілді.

Сондай-ақ, Сакошев Аян Жастардың даму индексін мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарына: мүдделі мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары және аумақтарды дамыту бағдарламаларына енгізу ұсынылатынын толықтырды, бұл елдегі жастар саясатын іске асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін рейтингтік бағалауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл индекс ұлттық ерекшелікке бейімделген жастардың жаһандық даму индексінің нұсқасы болады.

Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі Заң жобасына, «Тәуелсіздік ұрпақтары» Ұлттық жобасы аясында ұсынылған реформалар бойынша ұсыныстар енгізді.