Жас ғалымдарға арналған ЮНЕСКО гранты

Жас ғалымдарға арналған ЮНЕСКО гранты

ЮНЕСКО өкілдері жастарды Ұлы Жібек жолының мұрасын зерделеу үшін зерттеу стипендиясына өтінім беруге шақырады.

12 жас ғалым 10 мың доллар көлемінде Грант ала алады. Зерттеу барысында келесідей нақты мәселелерді қарастыру қажет:

  • Жібек жолының жалпы мұрасы және плюралистік өзіндік ерекшелігі,
  • оның ішкі әртүрлілігі,
  • оның қазіргі қоғамға, шығармашылық салаларға, мәдениетаралық диалогқа, әлеуметтік ұйымшылдыққа, өңірлік және халықаралық ынтымақтастыққа қатысты әлеуеті және т.б.

Зерттеулерге жеке тұлғалар да, жас ғалымдар тобы да қатыса алады. Өтінімдер 2021 жылдың 18 сәуіріне дейін қабылданады.

Толық ақпаратты ЮНЕСКО сайтынан табуға болады.