Қазақстанда Волонтер жылының қорытындысы шығарылды

Қазақстанда Волонтер жылының қорытындысы шығарылды

8 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Волонтер жылының жабылу рәсімі өтті. Мемлекет басшысы жиынға қатысушылар алдында Волонтер жылының табысты болғанын атап өтті. Салтанатты рәсімге Қарағанды облысының әкімі Қасымбек Жеңіс Махмудұлы және облыстың волонтерлері қатысты.

Салтанатты шарада Теміртау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Күміс Волонтер» Бірлікбай Ордабаев рәсімде сөз сөйледі.

 Сонымен қатар «Жыл волонтеры»  және «Жомарт Жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаттары салтанатты түрде марапатталды:

  1. «Үздік волонтерлік ұйым» номинациясы бойынша Қарағанды қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Мост добра» волонтерлік клубы;
  2. «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үші» номинациясы бойынша волонтер Талшын Жапбасова;
  3. «Білімді әйгілеудегі үлесі үшін» номинациясы бойынша Маржан Темірғали.