Networking: Қарағанды облысының жастары жасанды сананың рөлі туралы айтты

Networking: Қарағанды облысының жастары жасанды сананың рөлі туралы айтты

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Networking өткізді. Шара онлайн-режимде өтті және IT және робототехника, әлеуметтік-гуманитарлық және ғылыми-техникалық сала сияқты бағыттарда жастардың даму мүмкіндіктеріне арналды.

Networking-ке Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов, жас ғалымдар мен мамандар, студенттер мен оқушылар қатысты.

Іс-шара барысында болашақта қалай сәтті бағдарламашы болу керектігі, қазіргі әлемдегі жасанды интеллекттің рөлі туралы айтылды. Бұдан басқа, қоғамдық жобаларды дамыту және оларды жүзеге асыру үшін одан әрі шаралар бойынша ұсыныстар берілді. Талқылау барысында қазіргі заманғы ғылымның даму үрдістері мен авторлық жобаларды құру мәселелері көтерілді. Сондай-ақ, жас мамандарды жасанды сана көмегімен жұмыссыздық мәселесін шешу жолдары толғандырып, ғылыми жобаларды коммерцияландыру мүмкіндіктері қызықтырды.

Соңында онлайн-кездесуге қатысушылар Networking алаңында одан әрі дамуға және жаңа білім алуға ниет білдірді.