«Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» форумы

«Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» форумы

Бір шешімнің бағасы: Өңіріміздің жастары заң, таңдау және жауапкершілік туралы сөз қозғады

Кейде бәрі бір ғана ұсыныстан басталады: «оңай ақша», «ештеңе болмайды», «бір рет жасап көр». Бірақ мұндай ұсыныстың артында қандай салдар тұрғанын адам әрдайым бірден түсіне бермейді.

Бүгінгі «Жастар - Заң мен тәртіптің тірегі» форумында жастарға осындай жағдайлар нақты өмірлік кейстер арқылы көрсетілді.

Форум қатысушыларына есірткіге қатысты құқық бұзушылықтар, дропперлік, интернет-алаяқтық және заңсыз жолмен ақша табуға тартылу жағдайлары бейнероликтер арқылы ұсынылды. Оқиғалар ойдан шығарылған емес - олардың негізінде нақты өмірлік жағдайлар жатыр.
Бұл роликтердің мақсаты - жастарды қорқыту емес. Керісінше, шешім қабылдамас бұрын оның салдарын ойлауға, өз әрекетіне жауапкершілікпен қарауға және заңсыз ұсыныстардың сыртқы «тиімділігіне» алданбауға шақыру.

Өйткені кейде бір сәттік шешім адамның кейінгі өміріне әсер етуі мүмкін.

Заң мен тәртіп - тыйымдардан ғана тұрмайды. Ол өз таңдауыңның салдарын түсінуден басталады.