12 тамыз – Халықаралық жастар күні құтты болсын!
Өңіріміздің жастары – жаңа идеялардың, батыл бастамалардың және өзгеріске деген ұмтылыстың қозғаушы күші. Бүгінде олар білімде, кәсіпте, шығармашылықта және қоғамдық өмірде белсенді болып, өз мүмкіндіктерін жүзеге асырып келеді.
Бүгін Қарағанды қаласының Орталық саябағында Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік іс-шара өтті.
Іс-шараға Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ә. Әлденей қатысып, жастардың бастамаларын қолдау және олардың шығармашылық, қоғамдық әлеуетін дамыту бағыттары талқыланды.
Мерекелік бағдарлама аясында топ-PR технолог Ақерке Берлібайдың қатысуымен жеке брендті дамытуға арналған тренинг өтіп, жаңа Жастар үйінің алаңы таныстырылды. Сонымен қатар «Қарағанды – ТМД-ның 2028 жылғы жастар астанасы» жобасы бойынша жастардың ұсыныстары талқыланды. Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Үсенұлының бастамасымен алдағы уақытта арнайы сайтта 2028 жылға арналған жастардың ұсыныстары мен бастамаларын қабылдайтын арнайы бөлім ашылатыны айтылды. Бұл бөлімде жастар өз ұсыныстары мен тың идеяларын жолдап, 2028 жылға арналған бағдарламаға енгізуге мүмкіндік алады.
Сондай-ақ 2026 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды.
Мерекелік іс-шара жастардың басын қосып, жаңа идеялар мен бастамаларға жол ашқан маңызды алаңға айналды.