Қарағанды - 2028 жылғы ТМД-ның Жастар астанасы!
Бұл - Қарағанды өңірінің тарихындағы айтулы жетістіктердің бірі. Енді біздің қала ТМД кеңістігіндегі жастар саясатының басты алаңына айналып, халықаралық деңгейдегі маңызды бастамалар мен ауқымды жобаларды жүзеге асыратын орталық болады. Бұл мәртебе - өңірдің әлеуетіне, белсенді жастарына және жарқын болашағына берілген жоғары баға.
Бұған дейін Жастар астанасы эстафетасы ТМД елдерінің ең белсенді қалалары арқылы жалғасып келеді.
🇺🇿 2024 жылы эстафетаны Өзбекстанның заманауи келбеті мен қарқынды дамуының символына айналған Ташкент қаласы бастады.
🇦🇿 2025 жылы бұл мәртебені табиғаты, мәдениеті және қонақжайлығымен ерекшеленетін Әзербайжанның Габала қаласы қабылдады.
🇦🇲 2026 жылы жастар эстафетасы Арменияның қарқынды дамып келе жатқан Қапан қаласына табысталды.
🇧🇾 2027 жылы ТМД жастарын Беларусь Республикасының астанасы – Минск қаласы қарсы алады.
🇰🇿2028 жылы бұл мәртебелі эстафета Қазақстанға жол тартып, Қарағанды қаласына табысталады.
Бұл - тек бір жылдық атақ емес. Бұл - Қарағандының халықаралық жастар кеңістігіндегі жаңа орны, жаңа мүмкіндіктері және жаңа жауапкершілігі.
2028 жылы жастардың назары - Қарағандыда!