
Халықаралық волонтерлер форумы аясында Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Ерниязова Айсулу Алимжановна БҰҰ Еріктілер бағдарламасының ТМД елдері бойынша серіктестік жөніндегі маманы Нұрай Мамытовамен кездесті.
Кездесу барысында волонтерлік қозғалысты дамыту, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және жастардың қоғамдық бастамаларға қатысуын арттыру мәселелері талқыланды.
Кездесу қорытындысында Нұрай Мамытова Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасына Орталық Азиядағы волонтерліктің жай-күйі мен даму үрдістеріне арналған арнайы шолу жинағын табыстады.