
Қарағанды облысының белсенді әрі бастамашыл жастары үшін жаңа мүмкіндіктер ашылады!
«Тәуелсіздік ұрпақтары» жобасы — ғылым, IT, мәдениет, медиа, бизнес және волонтерлік бағыттардағы тың идеяларды қолдауға арналған. Бұл — өз идеяңды нақты әлеуметтік маңызы бар жобаға айналдырып, оны жүзеге асыруға қолдау алуға берілетін мүмкіндік.
💰 Жалпы қаржыландыру көлемі: 50 000 000 теңге
👥 Конкурсқа қатыса алады: Қарағанды облысының 14–34 жас аралығындағы тұрғындары (қоса алғанда)
🚀 Сенің қолыңнан келеді:
— өз идеяңды жүзеге асыруға қолдау алу
— көшбасшылық және кәсіби дағдыларды дамыту
— жеке әлеуметтік немесе шығармашылық жобаны іске қосу
— өңірдің дамуына үлес қосу
— белсенді жастар қауымдастығына қосылу
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 14–28 шілде 2026 жыл
🔗 Грант беру ережелері: adilet.zan.kz сайтында және Telegram арнасында қолжетімді: https://t.me/grants09
📲 Қосымша ақпарат call-орталық арқылы қолжетімді:
+7 (701) 377-42-11
+7 (700) 526-28-88
(WhatsApp және Telegram арқылы да)
⏱️ Call-орталықтың жұмыс уақыты: дүйсенбі–жұма, 09:00–18:30
💡 Егер өмірді жақсартатын идеяң болса — дәл қазір әрекет ет!
Жоба Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша жүзеге асырылады.