
Қарағанды облысының волонтерлік ұйымдары мен бастамашыл волонтерлік топтарын ауқымды спорттық турнирге қатысуға шақырамыз! 💪
🏆 Жалпы жүлде қоры — 2 700 000 теңге
💸 Сонымен қатар ақшалай сыйлықтар қарастырылған жеке номинациялар бар!
📅 Өтетін күні: 2026 жылғы 29 мамыр
📩 Өтінім қабылдау: 2026 жылғы 26 мамыр, сағат 15:00-ге дейін
📧 E-mail: Saryarqajastary09@gmail.com
📞 Байланыс телефоны: 8 708 987 9502 — Нұржан А.
📍 «Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы» КММ
Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат
📌 Қатысудың негізгі шарттары:
✅ Қатысушылар жасы: 14–35 жас аралығы
✅ «Сарыарқа жастары» порталында міндетті тіркелу:
saryarqa-jastary.kz
✅ Жарыстар ерлер және әйелдер командалары арасында бөлек өткізіледі
⚠️ МАҢЫЗДЫ!
Турнирге Әуесқой футбол лигасында (ЛЛФ) D дивизионынан жоғары емес деңгейде өнер көрсететін ойыншылар қатыса алады.
Кәсіби және бұрын кәсіби деңгейде ойнаған ойыншылар турнирге жіберілмейді.
🏅 Командаңды жинап, облыстағы ең ірі волонтерлік спорттық оқиғаның бір бөлігі бол!