🚀 2026 жылғы «Ұлт қазынасы» жобасына менторлар қажет!

🚀 2026 жылғы «Ұлт қазынасы» жобасына менторлар қажет!



2026 жылы «Ұлт қазынасы» жобасы өз бастауын қайта алады.
Бұл жоба алғаш рет 2025 жылы жүзеге асып, ауыл жастары үшін маңызды алаңға айналды.

Жоба аясында:
• 35-тен астам ауыл қамтылды
• 2000-нан астам ауыл жастарына бағыт-бағдар берілді
• көптеген жас өз мүмкіндігін ашып, жаңа идеяларға қадам жасады

Енді біз жаңа легті бастаймыз.
Жобаға ауыл жастарына қолдау көрсететін менторлар қажет.

Егер сен:
— жастарға жол көрсеткің келсе;
— өз тәжірибеңмен бөлісуге дайын болсаң;
— болашақ көшбасшылардың қалыптасуына үлес қосқың келсе,

онда бізге дәл сен керек!

Ментор болуға 25-тен 50 жасқа дейінгі, Қарағанды облысының тумалары немесе осы өңірде тұратын кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, дәрігерлер, инженерлер, IT-мамандар, ауыл шаруашылығы саласының мамандары және креативті индустрия өкілдері өтінім бере алады.

📩 Ментор болу үшін 87478726833 нөмірі арқылы WhatsApp желісіне хабарласып, өтінім қалдырыңыз.