2026 жылғы 13 наурызда Қарағанды облысында ауқымды Волонтерлер форумы өтеді

2026 жылғы 13 наурызда Қарағанды облысында ауқымды Волонтерлер форумы өтеді
  • 2026 жылғы 13 наурызда Қарағанды облысында ауқымды Волонтерлер форумы өтеді.

    Халықаралық волонтерлер жылына арналған бұл шара белсенді азаматтарды, волонтерлік ұйымдардың өкілдерін және қоғамға пайда әкеліп, белсенді болғысы келетін барлық жандарды біріктіреді.

    Форум қатысушыларға шабыт пен жаңа идеялар сыйлап, спикерлер волонтерлік қызметтегі нақты жетістіктері туралы өз тәжірибелерімен бөліседі.

    Кештің хедлайнерлері — Айқын және BAYANSULU.
    Айқын өзінің танымал хиттерімен, қуатты энергиясымен және харизмалық орындауымен көрермендерді баурап алады.
    Ал BAYANSULU сахнада жарқын әйелдік болмысымен, энергиясымен және хит әндерімен ерекше атмосфера қалыптастырады.

    Мерекелік перформанс, музыка және ұмытылмас атмосфера қатысушыларға ерекше эмоция, күш-қуат пен шабыт сыйлайды! 🎶✨