
Қарағанды облысының сарапшылары мен жастары жаңа Конституция жобасын талқылап, оны қабылдауды қолдайтындарын білдірді. Қатысушылар енгізілген өзгерістердің прогрессивті сипатын және олардың азаматтардың құқықтарын қорғаудағы маңыздылығын атап өтті. Кездесуге облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, сондай-ақ Конституциялық комиссия мүшелері Нұркен Қобжанов пен Бекзат Алтынбеков қатысты.