Жаңа Конституцияның талқылануы

Жаңа Конституцияның талқылануы

Қарағанды облысының жастар ұйымдарының сарапшылары мен көшбасшылары Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасын талқылап, оны қабылдауды қолдайтындарын білдірді. Кездесу ел болашағы, жастардың рөлі және азаматтардың өмірін айқындайтын қағидаттар туралы ашық диалог алаңына айналды.

Жастар бастамаларды қолдайтынын, олардан прогрессивтілік пен инновацияны, сондай-ақ өз құқықтарының қорғалуын көретінін атап өтті.

Кездесуге Ермағанбет Бөлекпаев және Конституциялық комиссия мүшелері Нұркен Қобжанов пен Бекзат Алтынбеков қатысты.

Облыс әкімі өз сөзінде жаңа Конституцияны қабылдау – бұл жай ғана құқықтық акт емес, технологиялық революция жағдайында мемлекеттілікті нығайтуға бағытталған стратегиялық қадам екенін атап өтті.

– Жаңа Конституцияны қабылдау бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу – маңызды әрі тарихи қадам. Бұл жекелеген нормаларды түзету ғана емес, заманауи сын-қатерлерге жауап беретін жаңартылған мемлекеттік құрылым үлгісін қалыптастыру. Біз бұл шешімге ауқымды саяси реформаларды кезең-кезеңімен жүзеге асыру арқылы келдік.

Жаңа Конституция бірлік, әділеттілік және заң үстемдігі қағидаттарын сақтай отырып, жеке тұлғаны қорғауды күшейтеді, кінәсіздік презумпциясын, жеке бостандықтарды және адвокаттың рөлін бекітеді.

Бүгін біз болашақ өміріміздің негіздерін айқындап отырмыз, сондықтан дұрыс таңдау жасау маңызды, – деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев.

Өңір басшысы сондай-ақ 2019 жылдан басталған және қоғамдық, мемлекеттік әрі экономикалық жүйені жаңғыртуға бағытталған реформалардың хронологиясына тоқталып, олардың логикалық жалғасы ретінде жаңа Конституцияның қабылданғанын айтты. Ол реформаларды жүзеге асыруда және Қазақстанның болашағын қалыптастыруда жастардың рөліне ерекше мән берді.

Конституциялық комиссия мүшелері Нұркен Қобжанов пен Бекзат Алтынбеков комиссиядағы жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, Конституциялық реформаны дайындауда қоғамдық қатысудың маңыздылығын атап өтті.

«Талдау Қарағанды» өңірлік аналитика мектебінің қатысушысы Асылжан Төлегенов экологиялық қағидаттарды конституциялық деңгейде бекітудің маңыздылығын айтты.