Туған күніңмен, Қарағанды! 92 жылдық мерейтойың құтты болсын!

Туған күніңмен, Қарағанды! 92 жылдық мерейтойың құтты болсын!

Қарағанды- жай ғана қала емес.
Бұл- тағдырлар тоғысқан мекен.
Бұл- еңбектің, жігердің, арманның ордасы.

Кеншілердің қайсар рухы сіңген, жастықтың жалыны лапылдаған, білім мен мәдениет тоғысқан қасиетті шаһарымыз биыл 92 жылдық белесін еңсеріп отыр. Осы жылдар ішінде Қарағанды жаңарып, жаңғырып, заманауи келбетке ие болды.

Қарағанды- талай талантқа қанат бітірген, талай жастың арманын ақиқатқа айналдырған мекен. Әр көше, әр ғимарат, әрбір алаң — тарихтың үнсіз куәсі, еңбектің айқын белгісі.

Мерейлі мереке құтты болсын, ардақты Қарағанды!