
Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Жырлайды жүрек» атты әдеби-сазды кеш өтті. Шараның мақсаты - халықтың жүрек дүрсілін жырға қосқан ақынның шығармашылығын жастар арасында насихаттап, поэзияға деген сүйіспеншілікті арттыру болды. Кеш барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, жүрекке жақын жырлары оқылды. Өлеңдерінен шынайылық, сағыныш, үміт пен адамға деген шексіз махаббат айқын сезілді. Әдеби композициялар мен музыкалық нөмірлер кеш мазмұнын тереңдете түсті. «Жырлайды жүрек» кеші Мұқағали поэзиясының мәңгілік екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Ақын жыры - ұлт жүрегінде мәңгі сақталатын асыл мұра