Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлының қатысуымен өткен кездесу

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлының қатысуымен өткен кездесу

Бүгін Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлденей Әлібек Үсенұлының қатысуымен мазмұнды әрі маңызды кездесу өтті. Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформаның негізгі бағыттары кеңінен түсіндіріліп, оның мәні мен стратегиялық маңызына ерекше назар аударылды.

Қатысушыларға қабылданып жатқан өзгерістердің басты мақсаттары мен міндеттері, сондай-ақ олардың мемлекеттің тұрақты дамуына, басқару жүйесін жетілдіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге ықпалы туралы жан-жақты әрі нақты ақпарат ұсынылды.

Іс-шара аясында конституциялық модельдің қалыптасу тарихы, оның бастаулары мен әр кезеңдегі эволюциясы сараланып, құқықтық мемлекетті нығайтуға бағытталған реформалардың сабақтастығы мен өзектілігі атап өтілді. Мұндай кездесулер қоғамда құқықтық мәдениетті арттыруға, жүргізіліп жатқан өзгерістердің мәнін терең түсінуге мүмкіндік беретіні сөзсіз.