V Ұлттық құрылтай

V Ұлттық құрылтай

Ұлттық құрылтай туралы

Жалпы ережелер

1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтай (бұдан әрі – Ұлттық құрылтай) – Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган.

2. Ұлттық құрылтай қызметінің негізгі мақсаты – қоғамдық бірігуді одан әрі дамыту жөніндегі идеялар мен қадамдарды тұжырымдау.

3. Ұлттық құрылтай өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы ережені басшылыққа алады.

Ұлттық құрылтайдың негізгі міндеттері:

1. Қоғамдық бірігуді дамыту, жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету және нығайту бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және енгізу;

2. Жұртшылықтың, саяси партиялардың, үкіметтік емес сектор мен мемлекеттік органдардың өкілдері арасында сындарлы диалог орнату;

3. Өз құзыретінің шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру.

Ұлттық құрылтайдың құрамы

Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтайдың Төрағасынан, оның екі орынбасарынан, мүшелерден және хатшыдан тұрады.

Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлттық құрылтайдың Төрағасы (бұдан әрі – Төраға).

Ұлттық құрылтай Төрағасы:

  • Ұлттық құрылтайдың қызметіне жалпы басшылық етеді;
  • Ұлттық құрылтай отырыстарының өтетін орны мен уақытын айқындайды;
  • Төрағаның орынбасарларына, Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне және хатшысына тапсырма береді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі – Ұлттық құрылтай Төрағасының орынбасары. Ол құрылтай отырыстарының күн тәртібін бекітеді және Төрағаның тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ұлттық құрылтайдың құрамы белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлерінің, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор, бизнес-қауымдастықтар, сарапшылар қоғамдастығы және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қоғамдық кеңестері өкілдерінің қатарынан жасақталады. Ұлттық құрылтайдың құрамы кезең-кезеңмен, оның мүшелеріне ротация жүргізу тәртібімен жаңартылып тұрады.

Ұлттық құрылтайдың мүшелері:

  • Ұлттық құрылтайдың жұмыс органына Ұлттық құрылтайдың жұмыс жоспары, оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды дайындауға қатысуға;
  • Ұлттық құрылтайдың отырысында қаралатын мәселелерді қоғамда талқылауға және түсіндіруге қатысуға құқылы.

Ұлттық құрылтайдың мүшелерінде өз өкілеттіктерін басқа адамдарға беру құқы жоқ.

Ұлттық құрылтайдың хатшысы:

  • Жекелеген жұмыс түрлерін жүзеге асыру үшін сарапшыларды, ғалымдар мен мамандарды белгіленген тәртіппен тартады;
  • Ұлттық құрылтай отырыстарының дайындығы мен өту барысын ұйымдастырады;
  • Төрағаның және Төраға орынбасарларының тапсырмалары бойынша өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ұлттық құрылтайдың қызметін ұйымдастыру

1. Ұлттық құрылтайдың отырыстары қажеттігіне қарай, бірақ жылына кемінде бір рет өткізіледі. Егер Ұлттық құрылтайдың отырысына оның мүшелерінің жалпы санының кемінде жартысы қатысса, оның құқықтық күші бар деп есептеледі.

2. Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстары Төраға қол қоятын хаттама арқылы ресімделеді.

3. Ұлттық құрылтайдың ұсынымдары мен ұсыныстарын алған мемлекеттік органдар, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктер оларды қарайды және қабылданған шаралар туралы Ұлттық құрылтайды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен хабардар етеді.

4. Ұлттық құрылтайда талқыланатын мемлекеттік саясаттың өзекті мәселелері мен Ұлттық құрылтайдың отырыстарында қабылданған ұсынымдар мен ұсыныстар жұртшылықтың назарына бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жеткізіледі, сондай-ақ интернет желісінде жарияланады.

5. Ұлттық құрылтайдың отырыстарына Төрағаның шешімімен Ұлттық құрылтайдың мүшелерінен басқа да лауазымды адамдар, қоғамдық ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылуы мүмкін.

Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі – Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы.

Ұлттық құрылтайдың жұмыс органы:

  • Ұлттық құрылтай отырыстарының күн тәртібі мен бағдарламасының жобасын қалыптастырады;
  • Ұлттық құрылтайдың отырыстарына материалдарды, сондай-ақ хаттамалық ұсынымдар мен ұсыныстардың жобаларын дайындауды ұйымдастырады;
  • Ұлттық құрылтайдың мүшелеріне Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысының өтетін орны, уақыты және күн тәртібі туралы хабарлайды, оларды қажетті материалдармен уақытылы қамтамасыз етеді;
  • Ұлттық құрылтайдың қызметін ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
  • Жүктелген міндеттерді орындауға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұратады және алады;
  • Ұлттық құрылтай қабылдаған ұсынымдар мен ұсыныстардың іске асырылу мониторингін жүзеге асырады;
  • Ұлттық құрылтай қызметінің шеңберінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Ұлттық құрылтайдың қызметін қамтамасыз етуге қажетті өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.