
Бүгін Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының қолдауымен кульбуто бойынша «ACET inclusive» қоғамдық бірлестігінің кубогы жарысы өтті.
Іс-шара мүмкіндігі шектеулі жандардың, сондай-ақ 16 жастан асқан арнайы мектеп-интернат түлектерінің қатысуымен өтіп, инклюзивті жастар ортасын дамытуға, әлеуметтік белсенділікті арттыруға және барлық қатысушылар үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталды.
Жарыс қорытындысы бойынша белсенді қатысушыларға Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының атынан брендтелген сыйлықтар табысталды.