Қарағанды облысында өңірдің бастамашыл, талантты және белсенді жастарын қолдауға бағытталған «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттарының иегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
2025 жылы конкурсқа алты бағыт бойынша — бизнес, волонтерлік, IT, мәдениет, медиа және ғылым салаларында — барлығы 264 өтінім келіп түсті.
Конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінің қорытындысы бойынша 25 жоба 2 000 000 теңге көлеміндегі гранттың иегері атанды.
«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары — бұл тек қаржылай қолдау ғана емес, сонымен қатар жастар бастамаларын, тың идеяларды және әлеуметтік өзгерістерді дамытуға жасалған нақты қадам.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз және жобаларын сәтті жүзеге асыруларына тілектеспіз!
