Астанада «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Рухтастар» республикалық жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті

Астанада «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Рухтастар» республикалық жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті

Астанада «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының «Рухтастар» республикалық жастар сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Сыйлық еліміздің дамуына үлес қосып жүрген ең белсенді жастарға табысталды. Биыл байқауға 18–35 жас аралығындағы 500-ден астам өтінім келіп түсті.

Салтанатты шарада түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды. «Жылы жүрек» – жыл волонтері номинациясын Қарағанды қаласының тұрғыны Зият Садвакасов иеленсе, «Белсенді рухтас» – жыл белсендісі аталымында «Жастар Рухы» ЖҚ Қарағанды облыстық филиалының белсендісі Ермеков Санжар Болатұлы марапатталды.

Ұйымдастырушылар бұл сыйлық жастардың белсенділігі мен азаматтық ұстанымын қолдаудың маңызды алаңына айналғанын атап өтті.