
Қарағанды облысында өңірдегі барлық волонтерлердің қызметін интеграциялап, тиімді үйлестіруге мүмкіндік беретін жаңа жоба енгізілді.
Жастар саясаты басқармасы баламасы жоқ «Цифрлық волонтер паспорты» жүйесін іске қосты. Бұл – жасы мен қызмет саласына қарамастан барлық еріктілерді тіркейтін бірыңғай база.
Паспортта волонтердің қатысқан акциялары, жобалары мен іс-шаралары көрсетіледі. Осы деректер негізінде жеке рейтинг қалыптасады: адам қаншалықты белсенді болса, соғұрлым жоғары балл жинайды.
Жоғары рейтингке ие еріктілер гранттар, білім беру бағдарламалары, тағылымдамалар және әлеуметтік бастамаларға қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Жүйеге тіркелу волонтерлерге жұмысқа орналасуда өз тәжірибесін растауға және түрлі байқауларға қатысуға жол ашады.
Цифрлық паспорт алу үшін Saryarqa Jastary сайтына тіркелу жеткілікті:
[https://saryarqa-jastary.kz/ru/volunteers](https://saryarqa-jastary.kz/ru/volunteers)
Паспортты жасына немесе қызметіне қарамастан кез келген волонтер ала алады.
Әлемде жыл сайын 5 желтоқсанда Халықаралық волонтер күні атап өтіледі.
Биылғы мерекенің тақырыбы – «Әрбір үлес маңызды»