«Жыл студенті – 2025» салтанатты рәсімі өтті

«Жыл студенті – 2025» салтанатты рәсімі өтті
14 қараша күні Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының Қарағанды облысының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен академик Е.А. Бөкетов атындағы Ұлттық зерттеу университетінің Студенттер сарайында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының ең белсенді және талантты студенттерін марапаттауға арналған «Жыл студенті – 2025» салтанатты рәсімі өткізілді.
 
Церемонияның мақсаты — бастамашыл, талантты және қоғамдық белсенді жастарды қолдау, сондай-ақ оқу, ғылыми, спорттық, шығармашылық және волонтерлік бағыттарда ерекше жетістік көрсеткен студенттерді марапаттау.
 
Рәсім барысында келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды:
Жыл волотері – Барлыбаева Зейнеп Сайлауқызы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
💫 Жыл студенттік клубы –  «Жас Орда», Ә. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті
💫 Жыл спортшысы – Аққалыков Сабыржан Мақсатұлы, Қазтұтыну одағы Қарағанды университеті 
💫 Жыл дебатері – Адилов Тамирлан Дәуренұлы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
💫 Жыл зерттеуші-студенті – Тауекелова Медина Қорғанбекқызы, Қарағанды медициналық университеті
💫 Ең талантты студент – Анық Ақпейіл Едігеқызы, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті
🏆 Жыл студенті  2025 – Кадрин Тілеген Берекеұлы, «Bolashaq» академиясы
 
Жеңімпаздарға 200 000–250 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар және жеке дипломдар табысталды, ал барлық қатысушыларға ынталандырушы сыйлықтар мен сертификаттар берілді.
 
Салтанатты шара шығармашылық нөмірлермен әрленіп, кештің финалдық аккорды ретінде Altair & Abbi топтарының өнер көрсетуі қатысушыларға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.