«ҚАРАҒАНДЫ.ТАЛДАУ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ!

«ҚАРАҒАНДЫ.ТАЛДАУ МЕКТЕБІ» ЖОБАСЫНА ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ!
Қарағанды облысын тұрақты дамытуға бағытталған «Қарағанды.Талдау мектебі» жобасына өтінім қабылдау басталды.
 
Мақсаты: жас ғалымдар мен талдаушылардың сыни ойлау және стратегиялық талдау дағдыларын дамыту.
 
Қатысушылар: 35 жасқа дейінгі магистр дәрежесі бар немесе магистрант/докторанттар.
Талап: сенбі күндері офлайн сабақтарға қатысу.
 
Құжаттар (бір PDF файл):
1.Өтінім (1-қосымша);
2.Резюме және диплом көшірмесі/анықтама;
3.500 сөзге дейін мотивациялық хат (бағытты көрсету қажет);
4.Ұсыныс хат;
5.(Бар болса) мақалалар мен зерттеулерге сілтемелер.
 
Өтінім қабылдау: 2025 жылғы 4 қараша, сағат 19:00-ге дейін
📩 qaragandy.taldaumektebi@gmail.com
 
Іріктеу:
– 1-кезең: алдын ала іріктеу (50 үміткер);
– 2-кезең: сұхбат (5–6 қараша);
👉 Нәтижесінде 30 қатысушы таңдалады.
 
Байланыс номері: 8-705-814-68-70