
"Қазақстанның 50 жылдығы" саябағында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қатарына шақырылушыларды шығарып салу салтанатты рәсімі өтті.
Іс-шараны Қарағанды облысының "Жастар ресурстық орталығы" КММ "Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы" ММ қолдауымен және Қорғаныс істері департаментінің қолдауымен ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты-жастар арасында патриоттық құндылықтарды насихаттау, отанға деген сүйіспеншілік сезімін нығайту және әскери борышты орындаудың маңыздылығын түсіну.
Салтанатты шарада облыс әкімі орынбасары Әлібек Әлденей осы іс-шарада әскерге шақырылушыларды құтықтап сөз сөйледі. Сонымен қатар, әскерге шақырылушыларға сыйлықтар берілді.
Ардагерлер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері де жылы лебіздері мен баталарын білдірді.
Олар өскелең ұрпақ үшін үлгі ретінде елге адал қызмет етудің, батылдық пен ар-намыстың маңыздылығын атап өтті.
Жас қорғаушыларға еліміздің бейбітшілігі мен қауіпсіздігін қорғау жолында табыс, батылдық тілейміз!