Халықаралық жастар күні

Халықаралық жастар күні

12 тамыз күні халықаралық жастар күніне орай Қарағанды облысы әкімінің жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.

Салтанатты шараға облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысып, жастар саясатына үлес қосқан азаматтарды Алғыс хатпен марапаттады.

Марапат иелері өңірдің білім, мәдениет, спорт және қоғамдық салаларындағы белсенді тұлғалар болды. Олардың еңбегі — жастардың дамуы мен ел болашағына қосылған маңызды үлес.

Іс-шара аясында ашық алаң ұйымдастырылып, жастар өздерін толғандырған сұрақтарын облыс әкіміне қойып, пікір алмасты.